"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру"
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы-аудандардың білім бөлімдері
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz (бұдан әрі - портал).
Көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;
2) "денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның электрондық қорытындысы, 026/е нысаны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579) - денсаулық жағдайы бойынша білім беру ұйымдарына бару мүмкіндігі жоқ білім алушылар үшін;
3) үлгерімнің электрондық табельдері – оқытудың бүкіл кезеңі ішінде барлық зерделенген пәндер бойынша "4" және "5" бағалары бар білім алушылар үшін;
4) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдардың шетелге кетуі кезінде шетелде уақытша тұруы туралы электрондық анықтама;
5) білім алушы шетелге шыққан кезде оның шетелде оқығанын растайтын көрсетілетін қызметті алушының атына ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың еріп жүруінсіз электрондық құжат.