Жыл бойы топта әртүрлі шаралар өтті. Олар: «Берекелі
күз», Қазақстан Республикасының 25 жылына арналған салтанатты шара «Тәуелсіз
елдің ұланымыз» ,тәрбиешілер үшін аудандық семинар өткізілді. Семинарға біздің тәрбиешілер
қатысып ашық сабақтар берді.Жаңа жылға арналған «Сиқырлы Жаңа жыл»
таңертеңгілік өтті.Халықаралық әйелдер күніне «Анашым» таңертеңгілігі
өткізілді. «Наурызды бірге қарсалайық» мерекесі өтті. Балабақшаның жұмыскерлері
дастарқан жасап балаларға,ата-аналарға әртүрлі тәтті тағамдар
дайындап,таңертеңгіліктен кейін шай берді. Таңертеңгіліктерде балалар тақпақтар
айтады,ән шырқайды,би билейді. Біздің тәрбиешілер мен балалар өздерінің білімдері мен өңерлерін аудандық шараларда
көрсетеді. Мысалы, Ломидзе Родион «Балғын шақ» сайысына қатысып үшінші орынға
ие болды , мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің оқушылары
арасындағы шығармашылық аудандық конкурсына
қатысып үшінші орынға және ақшалы сыйға ие болды .
26мамырда «Қош бол,балабақша!» мерекесі өтті.Онда
балаларға сыйлықтар мен дипломдар берілді.
Балалар қорғау күніне арнайы "Өлкенің гүл жайнаған балғындары" музыкалық іс – шара және спорттық эстафета
өтті «Жылдам,күшті,мықты». Мәдениет үйінен қуыршақ театры келіп балаларға
«Қоянның үйшігі» деген ертегіні көрсетті. Балаларға мерекенің соңында тәттілер таратылды.
Тәрбиеші: Кошанова Ж.Е.