Селоның ортасында селолық әкімшілік ғимаратына қарсы,
бұрыңғы бос қалған жерде қазір хоккей алаңы. Хоккей үшін және конькимен
сырғанау үшін барлығы бар, мұз айдынындағы түрлі түсті белгілер, қақпалар,
электр жарығы, арнайы шарбақтар,шешіну үшін жылы бөлме және – жақсы мұз айдыны.
ЖШС «Максимовское» директоры А.А.Закусиловтың хоккей мұз айдынын салу ойы бұрын болған, осы идеясын биыл іске
асырды,.Құрылыс қараша айында басталды.
Хоккей модулі өз көлемімен таңғалдырады «Канада
коробкасы», оның көлемі 60-30 метр.
Басты құрылысшылар ЖШС «Максимовское» мамандықтары және жұмысшылары болды.
Біздің селода 29 желтоқсанда мереке болды. Максимовка
орта мектеп оқушылары, ата-аналар, селолық әкімшіліктің өкілдері мұз айдынының
ашылуына келді.
Жаңа жыл қарсанында Аяз ата мен Ақшақар мерекені
жүргізіп, корттың ашу құқығын О.Ф.Андрееваға
және мектеп спортшылары М.Бизюкинге (хоккей командасының капитаны) және
Т.Федченкоға (биатлон бойынша жүлдегері) берді. Хоккей бойынша корттың ашылуына Балкашино
селосынан команда шақырылды. Балалар ойында өз шеберлігін көрсетті.
Максимовка орта мектебінде бірнеше жыл бұрын жас хоккейістер командасы
құрылды., бірақ жаттығулар өзен мұз айдынында өтті.
Осындай сыйлық жасаған үшін мектеп оқушыларынан,
ата-аналардан, мұғалімдерден А.А.Закусиловқа алғыс айтамыз. Осы Жаңа жылда көптеген ата-аналар ұялы
телефондар емес сыйлық ретінде коньки сатып алғандары өте тамаша!
Таза ауада біздің балалар денсаулықтарын нығайтады. Осында жаңа олимпиядалық спортшылар
ұрпақтары өсетіні мүмкін.